Алматыда егеуқұйрықтан 16 адам инфекция жұқтырған

64

Алматыда 48 адамды егеуқұйрық тістеп, 16-сы инфекция жұқтырды. Дәрігерге дереу жеткізілген азаматтар құтырма ауруынан аман қалған. Кеміргіштер былтыр да 74 адамның өміріне қауіп төндірген еді, деп жазады 24.kz арнасы.

48 жыл пошташы қызметін атқарған Сара Қонысбаева Алматыда хат тасып жүріп, егеуқұйрықтың сан түрін көрген. Зейнеткер кеміргіштердің ошағына айналған жерлерді де жақсы біледі.

Сара Қонысбаева, қала тұрғыны:

— Көк базар бар ғой біздің, сол жерде киоскілердің маңы жиналмайтын. Қазір кішкене тазалайтын болды. Бұрын ол жерде тышқандар жүгіріп жүретін.

Егеуқұйрық жыл басынан бері Алматыда 48 адамды тістеп жарақаттаған. Салдарынан 16 азамат инфекция жұқтырды. Ауру таратушы қаптесерлер тұқымдасымен күресуге шамамен 40 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға қаладағы 38 мың гектар жер тазартылады. Сондай-ақ, жаз соңына дейін 70 мыңға жуық жер үй тұрғындарына тегін улы дәрі таратылады.

Нұрлан Райымқұлов, қалалық дезинфекция орталығының бөлім меңгерушісі:

— Жалпы дератизация жер үйлерде жасалады, күл-қоқыс жерлерде жасалады, сосын арықтың іштеріне де жасалады.

Мамандардың айтуынша, бір егеуқұйрықтан жылына 1200-ге дейін тұқым тарайды, олар шамамен 3-4 жыл өмір сүреді. Егеуқұйрықтардың нақты қаншасы қалада өріп жүргенін айту мүмкін емес. Жылдар бойы жалғасып келе жатқан кеміргіштер проблемасымен билік тек у қосылған дәрі арқылы күресуде.

Гауһар Омарбек, Нұрдәулет Жақсыбай

Фото: asolina.ru

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь