Ертіс өзенінен 34 жастағы ер азаматтың денесі табылды

53

Ақтоғай ауданының аумағында Ертіс өзенінен 34 жастағы ер азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

— 16 маусым күні хабарсыз кеткен 1982 жылғы азамат 19 маусым күні сағат 14.20-да Ақтоғай ауданы Приреченск ауылынан үш шақырым жерде табылды.

Ауыл тұрғынының қандай жағдайда суға батып кеткені белгісіз, — деді облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Марал Сағынаева.

Абзал Кабдраш

Фото: life24.kz

Источник: zakon.kz