ОҚО және Қостанай облыстарында бопсалау әрекеті бойынша лауазым ие…

101

Қызылорда, Жамбыл және Қостанай облыстарының Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық орталығы департаментінің өкілдері жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылық әрекеттерін анықтап, бірқатар лауазым иелері тұтқындалды, деп хабарлады BNews.kz.

Қызылордада «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалына қарасты Сырдария ауданындық пошта байланысы торабының бастығы Ж.Алибаев ұсталды. Ол жергілікті тұрғындардың бірінен пошта бөлімінің меңгерушісі қызметіне орналастыру үшін 50 мың теңге талап еткен, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал, Жамбыл облысында облыстық Әділет департаметіне қарасты Қордай ауданынң территориялық сот актілерін орындау бөлімшесінің сот орындаушылары А.Аманғазиев пен Н.Үсіпжанов құрықталды.

Олар жергілікті тұрғындардың бірінен қарызының мөлшерін қысқарту үшін 30 мың теңге пара алған.

Сондай-ақ Қостанай облысында Рудный қалалық «Салық төлеушілердің ақпараттарын қабылдау мен өңдеу» мекемесінің бөлім бастығы ұсталды. Ол қосарланған салық бағасын кедергісіз тіркеу үшін «ВАБ-2016» ЖШС директоры Барановтан 100 мың теңге талап еткен.

Ұсталған азаматтар осы уақытта ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: www.hibinform.ru

Источник: zakon.kz