Павлодарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты адамға п…

59

Бүгін қала күнін атап өту шеңберінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты павлодарлық баспаналы болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Амангелді көшесі 11/2 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдегі бір бөлмелі алты пәтер өз иелерін тапты. Қалалық әкімдіктің ғимаратында өткен кездесуде сөз алған шаһар басшысы Нұржан Әшімбетов баспаналы болған жастарды құттықтады.

— 15 шілде күні ата-анасыз қалған тағы бір 11 павлодарлық Чокин көшесі 157/2 мекенжайындағы көпқабатты үйден пәтер кілттерін алады. Жалпы, пәтер алу үшін кезекте 1902 адам бар. «KSP Steel» ЖШС тарапынан баспаналы болған жандарға жаңа кір жуғыш машинасы сыйға тартылады, — деді Нұржан Әшімбетов.

Қуанышқа кенелгендердің бірі Әсемгүл Мағұлова қала әкіміне алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ, Дархан Қасылов, Юлия Ковалева, Қуан Жексенбинов, Юлия Кремизнова мен Қайрат Мусин де пәтерлі болды.

Абзал Қабдраш

Фото: topkvadrat.ru

Источник: zakon.kz