Павлодарда мас болған әйел өз баласын подъезде тастап кеткен

112

Павлодар ауданаралық мамандандырылған сотында көпқабатты үйлердің бірінде үш жасар баласын тастап кеткен мас әйелге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Іс матариалдарына сәйкес, алкогольді ішімдікті тұтынған әйел өз ұлы туралы ұмытып кеткен. Женя есімді жас баланы бейтаныс әйел тауып алып, полицияға хабар берген.

— Сот үкімі бойынша баласын ұмыт қалдырған ана ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауына байланысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127 бабы бірінші тармағына сәйкес кінәлі деп танылды. Азаматшаға жеті АЕК немесе 14 847 теңге көлемінде айыппұл тағылды, — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Фото: pavlodarnews.kz.

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь