Павлодарлық оқушылар ұстаздарға 81 селфи жолдаған

37

Павлодар облысында оқушылардың арасында алғаш рет өткен «Жазғы селфи» байқауының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Самал Қадырованың айтуынша, балалардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту мақсатында үш ай бойы өткен байқауға 57 оқушы қатысып, 81 жұмыс ұсынған. Олардың ішінде үздік суреттерге қазылар алқасының құрамында ақпараттық технологиялар орталығының директоры Гүлжан Кәрімова, М. Катаев атындағы оқушылар сарайының директоры Алма Ерубаева баға берген.

— «Үй жануарларымен бірге», «Отбасымен», «Достарымен» және «Жұлдызбен» тақырыбында түскен GPS форматындағы екі жұмыстан қабылданды. Нәтижесінде 8-11, 12-14 және 15-17 жас аралығында 1-орынды Ертіс ауданынан Әлихан Бағазинов, Ақсу қаласынан Әдина Жүнісова және Павлодар ауданынан Фаиз Назмутдинов иеленді. Жеңімпаздарға білім беру басқармасының атынан дипломдар табысталды, — дейді Самал Қадырова.

Фото: Рavlodarnews.kz

Источник: zakon.kz