Павлодар облысында биыл төрт ана жаңа туған сәбиінен бас тарт&#117…

61

2016 жылы бес айдың ішінде Павлодар облысында жаңа туған шаранасынан бар тарту бойынша төрт оқиға тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов мәлім етті.

— 2015 жылдың ұқсас кезеңінде өңірде 10 ана жаңа туған нәрестесін алғысы келмеген. Әйелдердің мұндай қадамға баруына материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілмеуі және қолайсыз тұрмыстық жағдай себеп болады. Мұндай аналардың жасы 21-35-ті құрайды. Олардың баланы тәрбиелеп жеткізуі үшін қаражаты мен жеке баспанасы болмаған, — деп жазылған Нұрлан Қасымовтың жауабында.

Омар Еркін

Фото:www.topnews.ru

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь