Ертіс ауданында екі жастағы бала тереңдігі жарты метр жасанды бассейнде батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы агенттікке Ертіс ауданы ІІБ-де мәлім етті.
— Оқиға 15 маусым күні сағат 19.02-де орын алды. Қараағаш ауылының тұрғыны есік алдына трактордың баллондарынан жасалған жасанды бассейн орнатқан болатын. Екі жастағы бала осы жарты метрлік бассейнге түсіп, мерт болған, — деп түсіндірді аудандық ІІБ-де.
Қазіргі таңда болған оқиғаға байланысты медициналық-сот сараптамасы тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
Назым Қарабаева
Фото: pavlodarnews.kz.
Источник: zakon.kz