Павлодар облысында шегірткеге қарсы жұмыстарға 17 млн теңге б&#125…

40

Павлодар облысында үйірсіз шегірткелермен күрес жұмыстарына 17,06 млн теңге бөлініп, 16,5 мың гектер алқап химиялық өңдеуден өтті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Көшербаевтың хабарлауынша, өңдеу жұмыстары жүргізілген алқаптардың 2,7 млн гектары шаруашылық нысандарына, ал 13,8 мың гектары мемлекет қорындағы жерлерде жүргізілген.

«Қазіргі уақытта жұптау және жұмыртқалау бойынша жазғы тексерулерді жүргізу керек. Алып жатқан алаңының деңгейіне байланысты 2017 жылға жазғы химиялық өңдеудің көлемдері анықталады. Өсімдіктерді қорғау жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру үшін, ең алдымен, зиянкестер мен арамшөптердің таралуына жол бермеу керек», — дейді Төлеген Көшербаев.

Айта кетейік, бұған дейін құрамы глифосаттан тұратын гербицидтер егіс жұмыстары басталғанға дейін 68,6 мың га алаңда қолданылған болатын.

«Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бір жылдық астық тұқымдастарға қарсы, оның ішінде қара сұлыға қарсы және қос жарнақты көп жылдық және бір жылдық арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдану арқылы арамшөптерге күресті тиісті деңгейде атқарды. Өңірдің шаруаларына 320 тоннадан астам дәрі-дәрмек қажет. Бүгінге дейін 220 тонна гербицид сатып алынды. Биыл арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу 246 мың гектар жерде жүргізілді», — дейді Т.Көшербаев.

Фото: agronews.org

Источник: zakon.kz