Петропавлдың жағажайында үрлемелі матрасқа отырған апалы-сі&…

51

Петропавлда қаладағы Есіл өзені жағажайында белгіленген аймақтан асып шомылу кезінде суға батқан 4 адам құтқарылды, оның 3-еуі – бала, деп хабарлайды BNews.kz.

Сол күні қалалық жағажайда кезекшілік атқарған құтқару отрядының қызметкері Саян Ахметжановтың айтуынша, олар күндізгі сағат бірлер шамасында ауа толтырылған матрас үстінде екі қыздың өз беттерінше жүзіп жүргенін көздері шалады.

«Белгіленген аймақтан өтіп кеткен екі қыз баланы өзеннің қатты ағысы ағызып әкетіп бара жатыр екен. Жетекшіміз Сергей Черкасов бастаған құтқарушылар моторлы қайыққа отыра салып, зәрелері ұшқан балаларға жылдам жетіп, оларды жағаға алып келді. Олар бір отбасының 8 және 12 жасар қыздары болып шықты», – деді С.Ахметжанов.

Дәл сол күні 27 жастағы жігіт пен 12 жастағы қыз да ескерту белгісін елең қылмаған. Екеуі де өзеннің қатты ағысына тап болыпты.

«Олар айқайлап, көмекке шақыра бастады, дегенмен, суға батып бара жатқанын біз де байқап үлгеріп, қайықпен дереу жеттік», – деп тоқталып өтті Сергей Черкасов.

Құтқарушылар биылғы жылдың басынан бері 29 адамды құтқарып қалды, соның 8-і – балалар.

Фото: vyatka.ru

Источник: zakon.kz