Семейде мектеп өртенді

50

Қаладағы N12 орта мектептің ғимараты қызыл жалынға оранғаны жөніндегі хабар кезекші бөлімге сағат 04:00 шамасында түскен, деп жазады 24.kz арнасы.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кірпіштен салынған 3 қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бөлменің жанып жатқанын анықтаған. Тілсіз жаудың беті дер кезінде қайтарылды. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртпен айқасқа 26 адам мен 7 техника жұмылдырылған.

Алдын ала болжамдар бойынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін. Өйткені терезе шағылыпты. Дәл қазір оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр.

Болат Көкенайұлы

Фото: www.stolica.onego.ru

Источник: zakon.kz