Шымкентте героин сатпақ болған әйел ұсталды

56

ОҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен 43 жастағы әйелді ұстайды. Шұғыл қызметкерлердің күдігінше, бұл азаматша 20 мың теңгеге героин есірткі затын сатқан, деп жазады otyrar.kz.

Ұсталған әйелдің қалтасын тексеру кезінде 4 орам героин табылды. Ал кейінірек күдіктінің үйін тінту барысында героинге ұқсас 13 орам есірткі заты тәркіленді.

Сот-криминалдық сараптамасына сай, тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 14 грамды құрайтын героин екені анықталып отыр. Аталған жайт бойынша қылмысты кодекстің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) іс қозғалды.

Күдікті қамауда жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: otyrar.kz.

Источник: zakon.kz