Қарағандыда Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнатылды

31

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Чернобыль ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Бүгін қаламызда Чернобыль Атом Электр станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға арнап ескерткіш белгі ашып отырмыз. Чернобыль ауқымы жағынан ең үлкен радиациялық апат алып келді. 30 жыл бұрын орны толмас қайғыны бастан кештік. Сол уақытта еліміздегі бүкіл ұлттың өкілдері бас көтеріп, апатты жоюға бір кісідей атсалысты. Украина халқын құтқару жолында бауырлас мемлекеттің өкілдері радиациядан да, оның салдарынан да қорыққан жоқ. Бүгін біз олардың ерлігіне бас иеміз. Біз, сол қаһармандардың ұрпағы, бауырлары оларды мақтан тұтамыз, олардың ерлігі мәңгі жадымызда және біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құрметтегендей оларға да құрмет көрсетеміз», — дейді өңір басшысы.

Айта кетейік, ақпан айында «Облыстық Чернобыль ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері облыс әкіміне хабарласып, Чернобыль қаһармандарына ескерткіш орнатуға өтініш жасаған болатын. Ескерткіштің авторы – Игорь Баграмов.

Фото: www.inform.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь