Қостанай облысында алты жыл ішінде 82 инвестициялық жоба іске қосылды

53

Қостанай облысының индустрияландыру картасы бойынша 2010 жылдан бастап биылғы жылға дейін 82 инвестициялық жоба іске қосылған. Өмірге келген жобалардың жалпы құны 121 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды BNews.kz.

Қостанай облысында 5 жыл ішінде 82 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

«Облысымызда 2010 жылдан бері құны 121 млрд теңгенің 82 инвестжобасы жүзеге асырылды. Аталған жобалар бойынша 5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар өнеркәсіп көрсеткіштеріне айтарлықтай үлес қосып жатыр. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 21%-ды құрайды. Облыс аумағында автомобиль және металлургия өндірісі секілді жаңа салалар пайда болды», – деп тоқталып өтті Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк.

Облыстық қаржы басқармасы бағдарламаны жүзеге асыру басталғалы бері жұмыс істей бастаған жобалар 267 млрд теңгенің өнімдері өндіріліп, қызметтері көрсетілгенін атап өтіп отыр.

«Биылдың өзінде 20 млрд теңгенің қызметі көрсетіліп, өнімі өндірілді», – деп нақтылады ведомство.

Фото: utmagazine.ru

Источник: zakon.kz