Үкімет балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салуды қ&#12…

69

Үкімет «Ақ жол» партиясының балаларға ата-анасының келісімінсіз әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салу туралы ұсынысын қолдады. Енді ол жұртшылықтың талқылауына шығарылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Бұл туралы Кәрім Мәсімовтің партия фракциясының депутаттық сауалына берген жауабында айтылған.

Естеріңізге салып өтсек, 1 маусым күні фракция депутаттары үкімет басшысына сауал жолдаған болатын. «Ақжолдықтардың» пікірінше, бүгінде балалар арасында суицидтің белең алуына әлеуметтік желілерде жарияланатын материалдар себеп. Сондай-ақ әлеуметтік шыдамсыздық, терроризм мен экстремизмді насихаттайтын дүниелер де жасөспірімдерді тура жолдан тайдырып, келешегіне үлкен қатер төндіреді.

Аталған мәселені шешу үшін «Ақ жол» депутаттары Еуропаның тәжірибесіне арқа сүйеуді ұсынып отыр.

Еуропарламент келер жылдан бастап 16 жастан кіші балаларға ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерге тіркеліп, жеке парақша ашуға тыйым салмақ.

Үкімет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне бұл ұсынысты жұртшылықпен, БАҚ және өзге де мүдделі органдармен талқылап, пысықтауды тапсырды.

Фото:legonko.ru

Источник: zakon.kz