Үш тiлдi меңгерген гидтер қажет

51

Күллі әлем көзтігетін «ЭКСПО-2017» көрмесі келер жылы Астанада өтетіні белгілі.
Халықаралық көрмеге келу шілер еліміздің үшінші қаласы ретінде тарихи мекенге бай Оңтүстік өңіріне, яғни Шымкентке атбасын бұрары анық. Сол кезде оларды жылы шырайтанытып, күтіп алудан бастап, ыңғайлы жағдай жасау, қонақ жайлылық таныту жайы «Бастау» демалысай мағында өткен семинар-тренинг тепысықталды. Қонақ үй, туристік орталық мамандары «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген туристерге қызмет көрсетуде Шымкент қаласының туристік ұйымдарының жұмысын күшейту тақырыбында ой қозғап, бір-бірімен тәжірибе алмасыпты. – Бұл семинар-тренингті ұйымдастырудағы басты мақсат – қонақ үй, мейрамхана, туристік фирма өкілдерімен ынтымақ тастық қарым-қатынас орнату. Оларды «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өңірімізге келетін қонақтарға жайлы жағдай жасауғаша қыру. Біз бірнеше жобаны қолға алып отырмыз. Соның бірі «Шымкентке қош келдіңіз!» деген журнал. Бұл журнал қыркүйек айында 10 мыңданамен жарық қашығады. Онда Шымкент қаласының қонақ үйлері, мейрамханалары, ойын-сауық орталықтары, мәдени орындары, тағы басқа мекемелердің мекен жайы мен ол туралы толық ақпарат фотосуреттермен көрсетіледі. Біздің қаламызға қыдырып келген әрбір қонақ өзіне қажетті мәліметті үш тілде таба алады және тегін тарқатылады. Қазір әуекомпанияларымен келіс сөз жүргізу деміз, – дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков.
Сондай-ақ, семинар-тренингте білімді, тарихтан хабары бар шеттілдерін еркін меңгерген гидтерді тәрбиелеп шығару мәселесі де көтерілді. Өйткені, тарихи орындар туралы мәліметті бірнеше тілде қызықты, түсінікті тілде жеткізетін гидтерге сұраныс күн санап артуда.

Источник: zakon.kz