Атырау мешітінде келушілердің бірі намазды бұзып жіберді

67

Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде келушілердің бірі намаз уақытында айқайлап, намазды бұзып жіберді, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚМДБ бекіткен мешіт тәрбіне сәйкес, мешітке келушілер намаз кезінде ереже нормаларын қатаң сақтауға міндетті. Мешітте дау шығаруға, басқа біреудің намазына кедергі келтіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Атырау қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты Т. деген азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 490 бабы бойынша кінәлі деп тауып, 50 айлық есептік көрсеткіш (106 050 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Фото: www.muftyat.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь