Екібастұзда жасанды көлшікте 16 жастағы бала батып кетті

97

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында жасанды көлшіктердің бірінде 16 жастағы ұл бала суға батып кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, жасөспірім ата-ана қарауынсыз көлшікке түскен. Сағат 14.36 суға батқан баланың мүрдесі кешкі 20.05 уақытында табылды.

Сондай-ақ, Павлодар қаласында 1990 және 1992 жылғы жігіттер Ертіс өзені бойынан жүретін кемеден суға секіріп кетіп, артынша бата бастаған. Абырой болғанда құтқарушылар жігіттерді ажалдан аман алып қалды.

Абзал Қабдраш

Фото: v-kurse.ru

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь