Мырзағали Айтжанов: Біржан берілген тапсырмалардың барлығын орында&#1171…

45

49 келіде шаршы алаңға шаршы алаңға шыққан Біржан Жақыпов ширек финалда өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды, деп жазады BNews.kz

Бокстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Біржанның жеңілісі жайлы былайша пікірін білдірді:

– Бокстың құдыреті осында. Мұнда тек мықтылар жеңіске жетеді. Өзбек боксшысы бүгін Біржаннан мықтырақ болды. Ол берілген тапсырмалардың барлығын орындаған жоқ. Алғашқы раундта-ақ өзін жоғалтып алды, – деп Біржаннның таза жеңілгенін айтты бапкері Мырзағали Айтжанов.

Ал Біржанның өзі:

– Ойлаған ойымды жүзеге асыра алмадым. Бірнеше қателік жібердім. Сәтсіздігім үшін Қазақстан жанкүйерлерінен кешірім сұраймын», – деді жарыстан соң тілшілерге берген сұхбатында Біржан Жақыпов.

Айта кетейік, ерлер арасында Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 10 спортшы қатысып жатыр. Берік Әбірахманов жарыстың бірінші күнінде АҚШ боксшысы Карлос Баль Дераскеге есе жіберсе, бүгін Біржан Жақыпов өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовтан айласын асыра алмады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын 8 боксшы қалды.

Фото: inform.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь