ОҚО-да 3 млн теңге пара берген депутат ұсталды

168

Облыстық мәслихат депутаты, «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МКҚК директоры А.Сопбеков 3 млн теңге пара бергені үшін ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz.

26 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық мәслихат депутаты, «Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі» МКҚК директоры А.Сопбековтің қылмысын әшкереледі.

«А.Сопбековтің осы мекеменің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім бастығы А.Бекболатұлы арқылы мемлекеттік білім гранты бойынша қосымша орындар алу үшін ОҚО Білім басқармасының лауазымды тұлғасына 3 млн теңге пара бергені анықталды», — деп мәлімдеді Ұлттық бюроның баспасөз қызметінен.

Күдікті Шымкент қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін, ОҚО Мақтаарал ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Жұрымбетов қызметкерді жұмысқа қабылдау үшін пара алған еді.

Фото: altaynews.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь