ОҚО-да «Ontustik Tourism Center» орталығының бөлімшелері ашылуда

73

Оңтүстік Қазақстан облысы қонақтары мен тұрғындары үшін өңірдің туристік әлеуеті жөнінде мәлімет алу мүмкіндіктері ұлғаюда. Осы жылы тамыз айынан бастап Түркістан қаласында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығының бөлімшесі және Шымкент қаласының әуежайында ақпараттық дүңгіршегі өз жұмыстарын бастады. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған іс-шара қонақтардың Түркістан және Шымкент қалаларының аумағында облыстың көрікті жерлері туралы мәліметтерді алуды әлдеқайда жеңілдете түсті. Келесі ретте әуежай арқылы келген қонақтар уақыттарын жоғалтпай ұшып келе салып қажетті туристік мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, жақын арада Шымкент қаласының теміржол вокзалында тағы бір ақпараттық дүңгіршек өз жұмысын бастамақ. Айта кетейік, «Ontustik Tourism Center» бөлімшелері мен ақпараттық дүңгіршектерінің жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында туристік саланың дамуына және ақпарат қолжетімділігінің артуына ықпалын тигізеді.

Фото: ontustik.gov.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь