Павлодарда Евгений Заворниковтың денесі табылды

55

Павлодарда бір ай бұрын жоғалған Евгений Заворниковтың денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақпараттандырылған дереккөзден агенттікке мәлім болғандай, 25 жастағы жігіт суға батып кеткен.

— Евгенийдің мүрдесі бүгін түнде Омбы тас жолындағы саяжайлардың маңындағы сорғы станциясында табылды. Оның Евгений екенін иығындағы жұлдыз жорамалдарының белгісі арқылы таныдық, — деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар соңғы рет жігітті шілденің 9-ынан 10-ына қараған түні Омбы тас жолындағы саяжайлардың маңында көрген. Бұл күні таныстарымен саяжайда демалған Евгений үйіне қайтып оралмаған.

Ол ЖЭС-2-де жұмыс істеген. Бұл оқиғаға қатысты облыстық ІІД-не ресми сауалхат жіберілді.

Фото: Рavlodarnews.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь