Павлодарда 15 жасар бала электр тогына түсіп, денесінің 80 пайызы күйіп …

70

Павлодардағы теміржол жолдарының «А» саябағында 2001 жылы туған бала электр тогына түсіп қалып, қатты жараланған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар транспорттық прокуратурасының хабарлауынша, жас бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Электр жарасы, 1, 2, 3 А деңгейлі электр күйігі диагноздары қойылған баланың 70-80 пайыз денесін күйік шалған.

— Аталмыш жағдай сотқа дейінгі тергеу амалдарының реестрінде тіркліп, тергеу жүргізілуде. Осыған ұқсас жағдай 15 маусым күні Шымкент қаласында орын алған. 38 жастағы ер азамат поезд астында қалып, екі аяғынан айырылды. Қаңтар айында Қарағанды облысында екі жасөспірім циркке барар жолда теміржолды кесіп тыйым салынған жерде кесіп өтіп поезд астында қалды. Салдарынан 1998 жылғы қыз көз жұмып, екінші бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Транспорттық прокуратура теміржолдардың адам өтуге тыйым салынған аймақтарын өте қауіпті екендігін ескертеді. Жазғы демалыс науқаны болғандықтан, әр ата-ана өз балаларын теміржол аймақтарында қатаң бақылауда ұстау қажет. Бұл сіздің өміріңізді және денсаулығыңызды сақтайды, — деп жазылған хабарламада.

Фото: pavlodarnews.kz.

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь