Сыр өңірінде алма бақтары пайда болады

93

Қызылорда облысында жеміс-жидек өсіріп, нарыққа шығару ісі қарқын алмақ. Жақын болашақта Сыр өңірінде ондаған гектарға жайқалған алма бақтары пайда болады, деп жазады 24.kz арнасы.

«Сырбойы Бизнес Форум» аясында осыған қатысты келісімдер жасалды. Шара шеңберінде 70 компанияның, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау институттары мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен көрме ұйымдастырылады. Дағдарыстың қиын кезеңінде өндірістік әлеуетті арттырудың оңтайлы жолдарын тауып, алға ұмтылу қажет. Осы ретте кәсіпкерлерге отандық бизнесті дамыту мен жаңа кәсіп ашуға қажетті ақпарат пен байланыстың толық спектрі ұсынылды.

«Аймақаралық ынтымақтастық» пен Ресей, Қытай, Иран елдерінің нарығына шығу мүмкіндіктері жайлы пайдалы кеңестер берілді. Негізінен бүгінде өтімді тауар ауыл шаруашылығы өнімдері болып саналады. Сондықтан агрожобалар іркілмей жүзеге асырылады.

Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары:

— Осы жылы күзде егеміз алманы. Мен білетін 3 компания осы жылы жұмысын бастап, жерін дайындап жатыр қазір. Шиелі, Жаңақорған аудандары мен осы қала айналасында. Сондықтан осылармен бүгін келіссөз жүргіземіз.

Ғалымбек Жақсылықов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:

— Бизнес форумы төңірегінде жергілікті кәсіпкерлер қатысуда. Сонымен қатар басқа Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кәсіпкерлері қатысуда. Бір-бірімен танысып, әрі қарай жоспар-жобаларын бірге іске асыруы мүмкін әбден. Осындай қарым-қатынасқа бизнес форумы атсалысады.

Фото: www.akjolgazet.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь