Павлодарда шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жасауға 10,2 миллион тенге б&#1…

129

Павлодарда шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жасауға 10,2 миллион тенге бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Вадим Ковальчук мәлім еткендей бүгінгі күні шыбын-шіркейге қарсы шараларды өткізу үшін конкурс жарияланған.

— Қазіргі уақытта Павлодарда «Сандерс» ЖШС ғылыми жетекшілішімен өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеу жүргізіліп жатыр. Осылайша, шыбын-шіркейдің тығыз шоғырланған жерлері анықталып, сол аймақта өңдеу өткізіледі. Павлодар қаласында қансорғыштарға қарсы дезинсекция жасауға конкурс жарияланып, оның құны 10,2 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар, залалсыздандыру жұмысын жүргізу үшін Екібастұз және Ақсу қалаларында да 10,3 миллион теңге тапсырыс берілді, — деді Вадим Ковальчук.

Айта ктерлігі, ведомство басшысы қалада қансорғыштар санының күрт көбейіп кеткенін Шығыс-Қазақстан облысындағы су қоймасынан жіберілген сумен байланыстырады. — Су көтеріліп, Ертіс арнасынан шыға бастады. Пайда болған суаттарда масаның дернәсілі шығып, қансорғыштардың тез арада көптеп пайда болуына себепші болды.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: novorozhdennyj.ru

Источник: zakon.kz