ОҚО-да мектептер 100 пайыз оқулықпен қамтылды

55

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылына мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлайды zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу тәртібімен биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері (бірінші сыныптың оқулығы 10 дана), 4 сыныптың ағылшын тілі оқулығы, 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың оқулығы барлығы 18 дана) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мен 9 сыныптың дінтану оқулықтары алынды. Қазіргі таңда оқулықтар 100 пайыз тасымалданып, білім беру мекемелерінде таратылу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным — Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылатын болады. Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 73699 бала мектеп табалдырығын алғаш аттайтын болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Источник: zakon.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь